✨ Әлихан Бөкейхан Университетінің "Қазақ тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Құрманова Арайлым және "Дене шынықтыру және спорт" білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Уалиева Аружан мен Асқарқызы Камилла 10 мамырдан 13 маусымға дейінгі аралықта Түркістан қаласында, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында өткен XIII Жазғы Универсиада аясындағы бокс турнирінде топ жарып, өз салмақ дәрежелері бойынша Универсиаданың қола медалімен марапатталды.
💐 Жазғы Универсиадада оқу ордамыз бен облысымыздың намысын қорғап, жүлделі орын иеленген студенттеріміз бен олардың жаттықтырушыларын Университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары атынан жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз қашан да биік болсын!
- Оқылды: 60