Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойының құрметіне велошеру
+7 (7222) 42-32-24

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойының құрметіне велошеру

✨ 15 маусым күні Әлихан Бөкейхан Университеті Семей қаласының Дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойының құрметіне Семей жұртшылығы мен қала қонақтарына арналған велошеру ұйымдастырды.

🚴 Велошеруге үлкенді-кішілі 300-ге жуық адам қатысты.

🤝 Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне бір топ демеуші серіктестеріміз ат салысты. Атап айтқанда:
— қала жанашыры Арман Оспанов @asospanov
— HomeCredit Bank АҚ филиалы @homecredit_kz
— Freedom Bank АҚ филиалы @bankffin.kz
— Банк ЦентрКредит АҚ филалы @centercreditkz
— Eco Пекарня @eco_pekarnya
— Kulikov кондитерлік үйі @kulikov_semey
— Abai Ei Brand @abaielibrand
— Element әйелдер фитнесс студиясы @element_fitstudio
— Semey Футзал клубы @fcsemey
— Радио 7 @radio_7_semey
— Chery Семей автосалоны @chery.semey

📍 "Тайқазан" мейрамханасы жанынан бастау алған велошеру Әуезов даңғылы бойынша Қалалық Офицерлер үйі арқылы Мұхтар Әуезов алаңына дейін жалғасты.

✨ Мәреде велошеруге қатысушылар үшін шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, демеушілер ұсынған естелік сыйлықтар табысталды.

🙏 Велошерудің жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан барлық серіктестеріміз бен қатысушы азаматтарға шексіз алғысымызды білдіреміз! Салауатты өмір салты күнделікті өмір стилімізге айналсын, достар! ✊



Бөлісу: