Докторлық диссертация қорғалды
+7 (7222) 42-32-24

Докторлық диссертация қорғалды

2025 жылдың 30 мамыр күні Alikhan Bokeikhan University диссертациялық кеңесінде 8D02303 «Филология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін докторант Несіпбай Айнұрдың «Қазақ тіліндегі будан терминдердің лингвистикалық ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын қорғауы өтті.

Диссертация мемлекеттік тілде орындалған.

Ғылыми кеңесшісі - филология ғылымдарының докторы, Әбікенова Г.Т.

Шетелдік ғылыми кеңесшісі - PhD доктор, профессор Нергис Бирай  (Түркия, Денизли қаласы,  Памукккале университеті).

Қорғау нәтижесі бойынша Диссертациялық кеңес мүшелері ізденуші Несіпбай Айнұрға 8D02303 «Филология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру туралы ұсынысты бірауыздан мақұлдады.



Бөлісу: