Цифрландыру вице-министрі - Әлихан Университетінде
+7 (7222) 42-32-24

Цифрландыру вице-министрі - Әлихан Университетінде

Кеше, 29 мамыр күні Университетімізге Абай облысына жасаған ресми іс-сапары аясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Малик Олжабеков келді.

Вице-министр университет басшылығымен кездесіп, оқу ордамыздағы Abai IT-Valley Технологиялық кластерінің жұмысымен танысты.

Сонымен қатар Үкімет мүшесі университет қабырғасында облыс жұртшылығымен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.



Бөлісу: