Coursera курстары - Әлихан жастарына
+7 (7222) 42-32-24

Coursera курстары - Әлихан жастарына

📢 Қымбатты Әлихан Университетінің студенттері!

✨ Әлихан Бөкейхан Университеті білім алу көкжиектерін кеңейтеді!

🤝 «Қазақстан халқына» Қорының қолдауымен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «BMG Upskills» компаниясының бірлескен бастамасы арқасында жүзеге асқан «Coursera — қазақ тілінде» жобасы аясында әлемдегі жетекші білім беру платформасы - Coursera курстарын Әлихан жастары өте алады.

☝️ Студенттеріміз әлемнің үздік университеттерінің қазақ және орыс тілдеріне аударылған оқыту курстарынан өте алады. Білім алушыларымыз университетке берілген лицензиялар негізінде, таңдаған курстарын тегін өту мүмкіндігіне ие.

📝 Coursera курстары инновациялар, лидерлік және басқару, карьералық даму, маркетинг, кибер қауіпсіздік, эконометрика, мәліметтерді сараптау, Big Data, менеджмент, тілдерді игеру, адами потенциалды дамыту және т.б. бағыттар бойынша жүздеген тақырыптарды қамтиды. Оқуға болатын курстардың толық тізімі университеттің сайтында көрсетілген.

✍️ Сіздер Coursera курстарын қазақ не орыс тілдерінде, немесе ағылшын және өзге де шет тілдерінде өте аласыздар. Қажет болған жағдайда материалдарды онлайн аудару құралдарын қолдануға болады. Мәселен, шет тілдеріндегі бейнежазбаларды синхронды түрде орыс не қазақ тілдеріне аудара алатын Yandex браузер және т.б. (браузердегі аудармашы, нейро жүйелер, т.с.с.) интернет құралдарды пайдалануға болады.

📌 Coursera курстарынан өту үшін сіздер келесі сілтеме арқылы маусым айының 2-не дейін өтінім формасын толтыруларыңыз керек - clck.ru/3B7nck

☝️ Өтінімді толтыру кезінде міндетті түрде таңдаған курсыңыздың атауын толық жазып көрсетуіңіз қажет. Курстар тізімін мына сілтемеден көре аласыздар - clck.ru/3MEGAH

📆 Курсты маусым айында өтуге болады.

☝️ Таңдаған курс бойынша сертификат алу үшін, сіз курс мазмұнына сәйкес барлық материалдармен танысып, курс авторлары белгілеген тапсырмаларды орындауларыңыз керек.

✨ Біздің мақсат – сіздердің білім алу мүмкіндіктеріңізді кеңейте отырып, білік-дағдыларыңызды дамыту.

✊ Сoursera курстарына жазылу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

🤎 Құрметпен, ректорат



Бөлісу: