15 сәуір күні Alikhan Bokeikhan University Заң факультетінде «Цифрлық криминалистика: сын-тегеуріндер мен жетістіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны заң факультетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелді кафедраның аға оқытушысы, PhD А.Б. Сейданов жүргізді.
Күн тәртібіне сәйкес киберқауіптер мен заманауи технологияларға арналған бірінші сессия аясында Абай облысы полиция департаментінің Тергеу басқармасының қызметкерлері:
- полиция аға лейтенанты Ашелов Асқар Сабырұлы мен
- полиция майоры Далабаев Саят Қуатұлы сөз сөйледі.
Баяндамашылар киберқылмыстарды тергеудің практикалық аспектілеріне назар аудара отырып, Қазақстан Республикасында цифрлық криминалистиканың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын атап өтті.
Сот технологияларына арналған екінші сессияда заң ғылымдарының кандидаты, Ресей мемлекеттік сот төрелігі университетінің қылмыстық іс жүргізу құқығы кафедрасының доценті (Симферополь қ., РФ) Ануфриева Екатерина Андреевна баяндама жасады.
Ол қатысушыларға қылмыстық сот ісін жүргізуде жасанды интеллект технологияларын қолдану перспективаларын ұсынды, тергеу және сот практикасына жасанды интеллектті енгізудің құқықтық және этикалық аспектілеріне назар аударды.
Іс-шара «Болашақтың цифрлық криминалистикасы» тақырыбындағы пікірталаспен аяқталды, оның аясында қатысушылар мен спикерлер қазіргі заманғы трендтерді, сын-тегеуріндерді және одан әрі ғылыми зерттеулердің басым бағыттарды талқыланды.
Дөңгелек үстел практикалық қызметкерлер мен ғалымдар арасында тәжірибе мен пікір алмасу алаңына айналды, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық салаға цифрлық технологияларды енгізу мәселелері бойынша диалогты дамытуға ықпал етті.

- Оқылды: 79