Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық-процестік кодексінің қабылданғанына 10 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум
+7 (7222) 42-32-24

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық-процестік кодексінің қабылданғанына 10 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум

2025 жылы 29 сәуір сағат 10:00-де «Alikhan Bokeikhan University» Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі мен қылмыстық процестік кодексінің 10 жылдығына арналған «Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың құқық қолдану тәжірибесін талдау: проблемалар мен қазіргі заманғы сын-қатерлер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық форум өтеді, мекен-жайы: Абай облысы, Семей қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 11, акт залы.

Форумның мақсаты – қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың құқық қолдану саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға арналған пікірталас алаңын құру, өзекті мәселелерді анықтау және оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасындағы қылмыстық сот өндірісі саласындағы қазіргі заманғы сын-қатерлерді, қылмыстық процесті цифрландыруды, қылмыстық процестің қатысушыларының құқықтарын қорғауды, сондай-ақ қылмыстық істерді тергеу мен қарау кезінде туындайтын мәселелерді отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып талдау жоспарлануда.

Форум жұмысына ғылыми қауымдастық өкілдері, оқытушылар мен практик-заңгерлер қатысуға шақырылады. Форум ғылыми көзқарастар мен практикалық тәжірибемен алмасуға, пікір білдіруге мүмкіндік беріп, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсынуға арналған тиімді алаң болады.



Бөлісу: