Хорватия Республикасының Елшісі Рефик Шабанович - Әлихан Университетінде
+7 (7222) 42-32-24

Хорватия Республикасының Елшісі Рефик Шабанович - Әлихан Университетінде

🇭🇷 Абай облысына ресми іс-сапары аясында Хорватия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рефик Шабанович мырза Әлихан Бөкейхан Университетінде болды.

✨ Елші университет басшылығымен және профессор оқытушылар құрамымен кездесіп, білім беру және ғылыми зерттеулер жүргізу салаларындағы екі ел оқу орындарының ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

🗣️ Кездесу барысында университет ректоры Александр Койчубаев Елші мырзаға Әлихан Университетінің білім беру бағдарламалары мен академиялық мүмкіндіктерін таныстырып, Хорват елінің білім алушыларын Абай еліне шақырды.

✨ Ректор Әлихан Бөкейхан Университетінің Хорват елінің білім ордаларымен бірлескен ғылыми зерттеулер, оның ішінде орнықты даму міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға, білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыруға мүдделі екендігін тілге тиек етті.

🤝 Рефик Шабанович мырза университет басшылығына Хорват елінің жоғары оқу орындарымен байланыс орнатуға қолғабыс ететіндігін жеткізді.



Бөлісу: