ABU студенттері – орнықты даму жөніндегі халықаралық олимпиада жүлдегерлері
+7 (7222) 42-32-24

ABU студенттері – орнықты даму жөніндегі халықаралық олимпиада жүлдегерлері

Alikhan bokeikhan University Бизнес және басқару кафедрасының студенттері Ж.Баласағын атындағы ҚМУ-нің (Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы) 100 жылдығына арналған "Орнықты даму: менеджерлер үшін жаңа сын-қатерлер" атты III Халықаралық студенттік олимпиадаға қатысты.

Бизнес және басқару кафедрасы олимпиадаға қатысуға құрамында «Экономика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Гавриенко Д., Кимосова О. және Удоденко А. бар студенттер командасын даярлады. Команданың ғылыми жетекшісі – кафедраның аға оқытушысы, PhD Толысбаева М. Б. 

Команданы халықаралық конкурсқа дайындау бизнес және басқару кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы аясында өткізілді. 

Білім алушылар өз ғылыми жобаларын көпшілік алдында таныстыру барысында Қазақстан Республикасының үлгісінде "Жасыл экономика" жағдайындағы жаңартылатын энергия көздерін дамыту мен пайдаланудың перспективалық бағыттарын айқындауды көрсетті. 

Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша студенттеріміз жүлделі 2 орынға ие болып, олардың ғылыми жетекшілері жеңімпаз жобаны дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Бизнес және басқару кафедрасы Халықаралық олимпиадаға қатысқан білім алушылар мен олардың ғылыми жетекшілерін жоғары жетістіктерімен құттықтайды!



Бөлісу: