Денсаулық сақтаудағы Master of Business Administration (MBA)
+7 (7222) 42-32-24

Денсаулық сақтаудағы Master of Business Administration (MBA)

Достар, назар аударыңыздар!

Alikhan Bokeikhan University Семей Медицина Университетімен бірлесіп "Денсаулық сақтаудағы Master of Business Administration (MBA)" білім беру бағдарламасын ұсынуға қуанышты.

Бағдарлама денсаулық сақтауды басқару және медициналық бизнес саласындағы заманауи трендтер мен озық халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленген. Ол басқару құзыреттерін дамытуға, стратегиялық ойлауды жетілдіруге және медициналық мекемелердің, фармацевтикалық компаниялар мен денсаулық сақтау ұйымдарының тиімділігін арттыруға ұмтылатын мамандарға бағытталған.

Неліктен бұл бағдарламаны таңдау керек?

Денсаулық сақтаудағы MBA бағдарламасы келесі адамдарға арналған:

Денсаулық сақтау саласындағы басшы немесе менеджер болып табылатын және өзінің басқару дағдыларын жетілдіргісі келетіндерге;

Дәрігер болып жұмыс істейтін және медициналық мекемелерді басқару саласындағы құзыреттерді дамытуға ұмтылатындарға;

Медициналық және фармацевтикалық салаларда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктерін іздейтіндерге.

Оқытудың артықшылықтары:
Әлемдік деңгейде танылатын бағдарлама: бағдарлама Швейцарияның, Италияның, Болгарияның жетекші университеттері мен бизнес-мектептерінің қатысуымен, сондай-ақ Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдарының қолдауымен әзірленді.

Шетелдегі тағылымдамалар: алған білімдерін шетелдік медициналық және басқару мекемелерінде тәжірибеде қолдану мүмкіндігі.

Икемді оқу кестесі: Ыңғайлы "Week-end" форматы бос емес кәсіпқойлар үшін арнайы әзірленген, бұл оларға оқуды негізгі әрекеттерімен біріктіруге мүмкіндік береді. 

Оқу мерзімі:

МВА - 2 жыл

EMBA - 1 жыл

MBA, EMBA бағдарламаларына түсуге қажетті құжаттар тізімі:

1. Ректордың атына өтініш.

2. Жоғары білім туралы диплом (түпнұсқасы)

3. Жеке төлқұжат (көшірмесі) - 2 дана

4. 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет

5. 075У формасындағы медициналық анықтама

6. Қысқа резюме (СV)

7. Құжат тіркегіш және 2 дана файл

MBA және EMBA бағдарламаларына құжат қабылдау 23 сәуірге дейін жалғасады.

Оқуға қабылдау сынақтары 25 сәуір күні өтеді.

Толығырақ білгіңіз келе ме?

Келесі байланыс телефонына хабарласып, анықтама ала аласыздар:

+7 771 436 17 48 - Назгуль Габдылхаковна Аналбаева

Біз сіздерді Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 11, 23-кабинет мекенжайы бойынша күтеміз!

Біздің білім беру бағдарламамыз арқылы денсаулық сақтау саласындағы жетекші маман болуға асығыңыздар!



Бөлісу: