👑 Кеше, 25 наурыз күні Абай театрының сахнасында Университетіміздің «Студенттер Альянсы» (@qsa_bokeikhan) ұйымының ұйымдастыруымен дәстүрлі "Miss ABU - 2025" байқауы өтті.
✨ Байқауға Университет факультеттері мен жастар ұйымдарының қатарынан 8 бойжеткен ару қатысты. Өнерлері мен білімдерін ортаға салған аруларымызды білікті қазылар алқасы бағалады.
👑 Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде және "Miss ABU - 2025" атағын Гуманитарлық факультеттің студенті Әділбекова Гүлім жеңіп алды.
👑 Жүлделі 1 орын және "I VICE MISS" атағын Баяқыш Елназ иеленді.
🔸 II VICE MISS - Минуар Шұғыла ⚜️
🔸 III VICE MISS - Қадылханова Еркежан ⚜️
🔸 Әлеуметтік желілердегі дауыс беру нәтижесі бойынша “Көрермендер көзайымы” номинациясын Саулебекова Зарина иеленді.
📜 Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар арнайы дипломдар мен демеуші ұйымдар ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталды
👑 ”MIss ABU - 2025” байқауына қатысқан барлық аруларымыз бен оларды қолдауға келген барша көрермендерге және байқаудың жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан демеушілер мен серіктестерімізге алғысымызды білдіреміз❤️




- Оқылды: 68