☀️ Әлихан Бөкейхан Университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары Наурыз мейрамын облыс көлемінде атап өту шараларына белсенді ат салысты.
🛖 Орталық алаңда "Әлихан Бөкейхан ауылы" атанған ақ орда тігіліп, киіз үй ішінде қалалықтар мен қала қонақтарына Әлихан Бөкейханның өмірі мен кызметі туралы арнайы экспозиция, ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған тарихи хронология мен университетіміздің Abai IT-Valley технологиялық кластерінің мамандары әзірлеген Абай, Шәкәрім мен Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған 3D тур және студенттеріміз әзірлеген ұлттық сипаттағы компьютерлік ойындар ұсынылды.
✨ Түстен кейінгі уақытта университет студенттері орталық Арбат алаңында концерттік бағдарлама ұйымдастырып, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.




- Оқылды: 88