ABU оқытушылары Германияда біліктіліктерін арттыруда
+7 (7222) 42-32-24

ABU оқытушылары Германияда біліктіліктерін арттыруда

17-20 наурыз аралығында университетіміздің Қолданбалы биология кафедрасының меңгерушісі Жаңылхан Букабаева мен кафедра оқытушысы Айым Турсынханова Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен жүзеге асып жатықан ERASMUS+ CirculEC, жобасы аясында жүргізіліп жатқан оқыту тренингтеріне қатысуда.

Тренингтерді Билефельд қолданбалы ғылымдар университетінің (FHM Bielefeld) жетекші ғалымдары жүргізуде. Бұл оқу орнымен ABU былтырғы жылы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасқан еді.

Жүріп жатқан тренингтер келесідей тақырыптарды қамтиды:
🌱 Экологиялық менеджмент
♻️ Циркулярлы экономика
🌍 Климатты басқару

Оқыту Алмания елінің Билефельд, Лемго және Берлин қалаларындағы жетекші инновациялық кәсіпорындарында өтіп жатыр. Бұл өз кезегінде оқытуға қатысып жатқан мамандар үшінЕуропадағы жетекші технологияларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Оқытушыларымыз меңгеріп жатқан жаңа білімдер университетімізде жаңа академиялық тәжірибелерді жүзеге асыруға серпін беретініне сенімдіміз! 💡📚



Бөлісу: