"Қаржы лабиринті: Абайлаңыз, алаяқтар!" интеллектуалды квиз ойыны
+7 (7222) 42-32-24

"Қаржы лабиринті: Абайлаңыз, алаяқтар!" интеллектуалды квиз ойыны

Интернет алаяқтар мен түрлі қаржылық пирамидалар бой көтерген қазіргі уақытта жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру күн тәртібіндегі басты міндеттердің біріне айналғаны сөзсіз. Әлихан Бөкейхан Университеті өз білім алушыларының қаржылық сауаттылығын арттыру ісіне үлкен көңіл бөледі. Бұл ретте студенттерді қаржылық сауаттылыққа оқыту дәстүрлі сабақ форматында ғана емес, интерактивті тренингтер мен интеллектуалды ойындар түрінде де өткізілетінін тілге тиек ету керек.

Мәселен, өткен аптада "Бизнес және басқару" кафедрасы  Жастарды ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс жөніндегі департамент мамандарымен бірлесіп, "Қаржы лабиринті: Абайлаңыз, алаяқтар!" интеллектуалды квиз ойынын өткізді.

Мұндай ойындарды ұйымдастыру жастар арасында қаржылық сауаттылықты ғана емес, сыни ойлау дағдыларын дамытуға оң ықпал ететінін айта керту керек.

Квиз ойыны - бұл сұрақ-жауап форматындағы интеллектуалды командалық ойын, онда қатысушылар өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын тексеру үшін түрлі тақырыптағы сұрақтар мен логикалық сауалдарға жауап береді.

"Қаржы лабиринті: Абайлаңыз, алаяқтар!" ойыны 2 турдан тұрады: 

- 1 тур - «Қаржылық сауаттылық»

-  2 тур – «Қаржы сарапшылары: Абайлаңыз, алаяқтар!».

Квиз ойынына келесідей командалар қатысты: 

1. «Капитал Штурмандары» - кез-келген қаржылық дауылдан сенімді түрде өтетіндер. 

2. «Монета сәулетшілері» - мықты қаржылық стратегияларды құратын шеберлер. 

3. «Дивидендтік аңшылар» - әрқашан пайдалы мүмкіндіктерді табатын команда. 

4. «Лабиринт криптонавттары» - сандық активтер мен жаңа қаржылық көкжиектерді зерттеушілер. 

5. «Кэш-Флоу Мастера» - қолма қол ақша ағындарын басқарудың виртуоздары. 

6. «Табыс алхимиктері» - білім мен идеяларды алтынға айналдыратындар.

Ойын қорытындысы бойынша:

1 орын "Капитал штурмандары" командасына бұйырды. Команда құрамында: Медведев Никита (ФН-302 тобы); Мұсатаева Малика (УА-302 тобы); Бойко Полина (УА-302 тобы); Айманов Әміржан (ФН-302 тобы); Гавриенко Даниил (Э-302 тобы).

2 орын "Кэш Флоу Мастера" командасына берілді: Көшкінбаев Нұрасыл (И-401); Зейнолла Данияр (ГИ-401); Отарбаева Аружан (АЯ-303); Өсерханова Ақбота (КЯ-403); Өркенқызы Ділнұр (АЯ-303).

3 орынды "Дивидендтік аңшылар" командасы иеленді: Мұратбек Нұрым (БТ-401); Сағидоллина Айжан (БТ-401); Нұрсаинова Аружан (ФК-405); Қадырғажы Нұрайлым (ВТ-401); Рахымбаев Айдос (ВТ-401).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. 



Бөлісу: