✨ ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Alikhan Bokeikhan University мен өңірдегі құрылыс материалдарын өндіруші жетекші өндіріс ошағы - «Семей Құрылыс Материалдары» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
🗣️ Кездесу барысында университет делегациясы өндіріспен танысып, зауыт басшылығымен бірлескен ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
Қол қойылған келісімге сәйкес, бірлескен жұмыс келесі бағыттарда жүзеге асатын болады:
✅Техникалық бағыттағы мамандықтар бойынша дуалды оқыту формасын енгізу 📚
✅ Жоғары курс студенттерін өндіріс орнының білім беру орталығында сертификаттау 🏭
✅ Үздік түлектерді жұмыспен қамту 🎓
✅ Университет негізінде компания қызметкерлерінің біліктілігін арттыру 🏅
✅ Abai IT Valley технокластерінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру💻
🤝 Келісім жоғары білікті мамандар даярлау ісіне берік негіз болатыны әрі білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға қомақты үлес қосатыны сөзсіз.



- Оқылды: 87