Наурыз - жыл басы
+7 (7222) 42-32-24

Наурыз - жыл басы

☀️ Әлихан Бөкейхан Университетінде Ұлыстың Ұлы күні – Әз Наурыз мерекесін атап өту шаралары жалғасуда.

🌷18 наурыз күні университетіміздің Гуманитарлық факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары ұйымдастырған "Наурыз мейрамы" мерекелік іс-шарасы өтті.

✨ Салтанатты шарада факультет студенттері ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды дәріптеген сахналық қойылымдар қойып, жиналған қауым жезтаңдай әншілер мен мың бұралған бишілердің, домбыра құлағында ойнаған күйшілердің өнеріне тәнті болды.

🌷 Мерекелік дастарханға ұлттық тағамдар жайылып, Университет ұжымы Ұлыстың Ұлы күніне мерекелік тілектерін жеткізді



Бөлісу: