Бейінді магистратура бітірген тұлғалар үшін педагогикалық компонент оқуы
+7 (7222) 42-32-24

Бейінді магистратура бітірген тұлғалар үшін педагогикалық компонент оқуы

 Бейінді магистратура (бір жылдық) бітірген тұлғалардың назарына!

✍️ Бейінді бағыттағы магистратура бітірген және қосымша 30 кредит мөлшерінде педагогикалық компонентті игеріп, негізгі дипломына ғылыми-педагогикалық магистратураның оқу компонентін тәмамдады деген куәлік алғысы келген тұлғаларды Әлихан Бөкейхан Университетінде өтетін қосымша білім беру курсына жазылуға шақырамыз!

📝 Оқуға жазылу үшін 2025 жылдың 28 наурызына дейін ABU Жоғары білімнен кейінгі білім беру бөліміне 1(Мәңгілік Ел көш, 11, каб. №11) келесі құжаттарды тапсыру керек:
1. Жеке куәліктің көшірмесі
2. Бейінді магистратура бітіргені туралы дипломның көшірмесі, қосымшаларымен бірге;
3. Ректор атына еркін нысандағы өтініш.

📆 Құжаттар 28 наурызға дейін қабылданады, оқыту 31 наурызда басталады.

📌 Оқу мерзімі - 15 апта;

🎓 Оқуды сәтті тәмамдаған тұлғаларға негізгі дипломына ғылыми-педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламасын бітіргені туралы қосымша куәлік беріледі.

📱 Анықтама телефоны:
+77788771983 (Жұмыс күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін)



Бөлісу: