Қымбатты талапкерлер! Құрметті студенттер мен магистранттар!
Үндістан үкіметі қазақстандық студенттер үшін 2025-2026 оқу жылы Үндістанда жоғары білім алуға мүмкіндік беретін, толығымен қаржыландырылатын шәкіртақылар беретіні туралы Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі хабарлайды.
Қазіргі уақытта келесі бағдарламаларға құжат қабылдау ашылды:
Бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына түсуге арналған Атал Бихари Ваджпайи атындағы стипендиялық бағдарлама.
Талапкерлерге қойылатын іріктеу критерийлері:
- Жасы: бакалавриат/магистратура бағдарламаларына - 18–40 жас аралығында, докторантураға - 50 жасқа дейін.
- Білімі: бакалавр дәрежесіне түсу үшін толық 12 жылдық мектеп білімі болуы тиіс.
- Ағылшын тілін білуі: 500 сөзден тұратын эссе немесе TOEFL/IELTS нәтижелері.
- Университеттерді таңдау: Үндістандағы 5 университетке дейін таңдауға болады.
Өтінімдер a2ascholarships.iccr.gov.in сайты арқылы онлайн түрде қабылданады.
Өтінім беру мерзімі – 30 сәуірге дейін
Үнді классикалық музыкасы мен бейнелеу өнерін оқуға арналған Лата Мангешкар стипендиялық бағдарламасы.
Іріктеу критерийлері:
- Жасы: 18–40 жас аралығында
- Портфолиосы: көркем орындауы түсірілген бейне немесе аудио жазбасы
- Ағылшын тілін білуі: 500 сөзден тұратын эссе немесе TOEFL/IELTS нәтижелері
Өтінімдер a2ascholarships.iccr.gov.in сайты арқылы онлайн түрде қабылданады.
Өтінім беру мерзімі – 30 сәуірге дейін
Кендрия Хинди Санстхан оқу орнынан хинди тілін үйренуге арналған стипендиялық бағдарлама. «Хинди тілін шет елдерге тарату» стипендиясы.
Іріктеу критерийлері:
- Білімі: толық 12 жылдық мектеп білімі болуы тиіс.
- Жасы: 19-45 жас аралығында
- Тіл білуі: хинди немесе ағылшын тілін базалық деңгейде білу
- Дағдылар: Компьютерде жұмыс жасау дағдылары
Толық ақпарат және өтініш формасы www.hindisansthan.in сайтынан алуға болады.
Өтінімдер Астана қаласы, Қараша ана 35/2 көшесі мекенжайы бойынша 2025 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады.
Атал Бихари Ваджпаи және Лата Мангешкар стипендияларын иелену байқауына өтінім жіберу үшін ICCR A2A стипендиялық порталы арқылы, ал Кендрия Хинди Санстан стипендиясына өтінімді Үндістан елшілігі арқылы жібере аласыздар.
Үндістанда білім алу мүмкіндігін беретін стипендиялық бағдарламаларға қатысуға асығыңыздар!
- Оқылды: 41