✨ Университетімізде Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның туған күні мен Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналаған іс-шаралар легі жалғасуда.
🔸5-6 наурыз күндері қаламызға Университет басшылығының арнайы шақыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, Абай шығармалары мен "Алаш" жетекшілерінің еңбектерін зерттеуші ғалым, профессор Шерубай Құрманбайұлы келді.
🔹Екі күндік сапары аясында ғалым қала жұртшылығы мен білім алушыларға "Абай және Әлихан: рухани үндестік" тақырыбында бірнеше ашық дәріс оқыды.
🗣️ Университет қабырғасында өткен дәрістерді тыңдауға жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, магистранттар мен докторанттар, ғылыми қауымдастық өкілдері, оқытушылар мен мектеп ұстаздары, жалпы Ұлт тарихы мен әдебиетіне қызығушылық танытқан көпшілік қауым жиналды.
✨ Келесі күні ғалым қаламыздағы №37 мектеп гимназиясында болып, тіл жанашыры Бәтташ Сыдықұлы атындағы қайта жаңғыртылған шешендік өнер кабинетінің ашылуына қатысты. Профессор мектеп оқушыларымен жүздесіп, Әлихан Бөкейханның аудармалары мен публицистикасы туралы танымдық дәріс сабағын өткізді.
🤝 Университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар атынан Университетіміздің құрметті профессоры Шерубай Құрманбайұлына Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның тарихи қызметі мен шығармашылығы туралы мазмұнды дәрістері мен өскелең ұрпаққа Алаш арыстарын танытуға сіңіріп жүрген өлшеусіз еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз!



- Оқылды: 52