Әлихан Университеті Әзірбайжан оқу орындарымен ынтымақтастық қатынастар орнатуда
+7 (7222) 42-32-24

Әлихан Университеті Әзірбайжан оқу орындарымен ынтымақтастық қатынастар орнатуда

🇦🇿 Әлихан Бөкейхан Университетінің басшылығы Қазақстан Республикасы Үкімет басшысының Әзірбайжанға ресми іс сапары аясында Баку қаласында өткен бірқатар білім беру шараларына қатысты.

⚜️ ABU ректоры Александр Койчубаев Баку мемлекеттік университетімен және Әзірбайжан тілдер университетімен өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды. Бұл өз кезегінде бірлескен білім беру бағдарламаларын ашып, академиялық алмасулар мен ғылыми бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

🗣 4 наурыз күні ABU делегациясы екі ел үкіметтері деңгейінде өткен «Қазақстан мен Әзірбайжан арасында жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту»атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Іс шара барысында 🇰🇿 ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Әзірбайжан елінің Білім және ғылым министрі Эмин Амруллаев 🇦🇿, және екі елдің жоғары оқу орындарының басшылары стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, оларды жүзеге асырудың нақты іс-шараларын пысықтады.

💼 Кездесу нәтижесінде 17 университет арасында 40-тан астам меморандумдарға қол қойылды. Бұл Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы академиялық ынтымақтастықтың одан ары дамуына тың серпін берері сөзсіз.

🎓 4 және 5 наурыз күндері ABU Бакуде өткен "Study in Kazakhstan" көрмесіне қатысып, жас әзірбайжандықтар үшін оқу орнының білім беру бағдарламалары мен академиялық мүмкіндіктерін таныстырды.

🤝 Көрме ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Әзірбайжан елінің Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өтті. Талапкерлер көрме барысында Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алу, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерімен танысты.

📍Осылайша Әлихан Университеті халықаралық қатынастарын кеңейте отырып, жаһандық білім беру кеңістігіндегі өз орнын нығайту жолында жемісті жұмыстар атқаруда.



Бөлісу: