✨ Әлихан Бөкейхан Университетінде Абай облысы Білім басқармасының қолдауымен колледж студенттерінің арасында «Bolashaq talantty ustaz» атты аймақтық педагогикалық шеберлік сайысы өтті. Сайысты университетіміздің Педагогика және психология кафедрасы ұйымдастырды.
🗣️ Сайыс болашақ педагогтердің теориялық білімі мен кәсіби құзыреттіліктерін бағалауды мақсат етті. Болашақ ұстаздардың педагогикалық іс-әрекетке қажетті кәсіби және тұлғалық әлеуеттерін жетілдіріп, командада жұмыс жасауға үйретуді және шығармашылық қабілеттерін шыңдауды көздеді.
🔸Командалық сайыс форматында өткізілген байқауға М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж, Семей көп салалы жоғары колледжі, «Қайнар» жоғары колледжі және Шәкәрім атындағы жоғары колледжде «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» білім бағдарламасы бойынша білім алатын 3-4 курс студенттері қатысты.
🔹Байқаудың теориялық блогына тест, контекстік, ситуациялық және демонстрациялық тапсырмалар кірді.
✍️ Байқаудың практикалық блогы Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, PhD Г. Сарбасованың жетекшілігімен психологиялық-педагогикалық коррекция кабинетінде өткен инклюзивті балалармен жұмыс жасау әдісьерін көрсету, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына арналған интерактивті сабақ өткізуді қамтыды.
🤝 Қатысушы командалардың жетекшілеріне Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, PhD Ш.Орынғалиева психологиялық тренинг ұйымдастырды.
🏆 Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жүлделі І және ІІ орындар мен 100 000 теңге және 70 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйақыларды М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттерінің командалары иеленді.
✨ Жүлделі ІІІ орын мен 40 000 теңге көлеміндегі Семей көп салалы жоғары колледжінің студенттері марапатталды.
📜 Барлық қатысушыларға педагогикалық шеберлік сайысына қатысқанын растайтын сертификаттар табысталды. Командаларды даярлаған жетекшілер Университет Президенті, профессор Шырын Асылханқызының алғыс хаттарымен мараптталды.



- Оқылды: 70