Абай өсиеттері – жас ұрпақтың адамгершілік бағдары
+7 (7222) 42-32-24

Абай өсиеттері – жас ұрпақтың адамгершілік бағдары

24 ақпан күні Әлихан Бөкейхан Университетінде қазақтың ұлы ақыны, ойшыл-ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Ұлы Абайдың өсиеттері - өскелең ұрпақтың адамгершілік бағдары" атты дөңгелек үстел жұмысы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында Абайдың адамгершілік идеяларын насихаттау, ақын мұрасының тәрбиелік әлеуетін оқу-тәрбие процесінде қолданудың тиімді жолдарын іздестіру, жас ұрпақ бойында сыбайлас жемқорлық пен азғындықтың кез келген көрінісіне қарсы тұру қасиеттерін дарытуды пысықтау.

Дөңгелек үстел жұмысына ғылыми қауымдастық өкілдері, оқытушылар мен заңгерлер, қалалық және облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мамандары, ABU Парасаттылық мектебінің білім алушылары қатысты.

Іс-шара жұмысын Alikhan Bokeikhan University құқықтық мәселелер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының докторы Матаева М.Х. жүргізді.

Дөңгелек үстелді университет ректоры Александр Койчубаев ашты. Ой-талқы  барысында Абай облысы Полиция Департаментінің тәрбие және кадр жұмысының басқарма бастығы, полиция полковнигі Аштаев О. М., Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Дүйсенова Б.Қ. сөз сөйледі. 

Сонымен қатар университеттің ардагер ғалымдары – философ.ғ.к. М.М.Түйебаев, ф.ғ.к, Ф.А.Гайнуллина, т.ғ.к. А.К.Рахметуллин, аға оқытушылар Е.М. Айтказин, Н.К.Акименко және М.О. Әуезов ат. педагогикалық колледж ұстаздары Г.Қ. Қасымжанова, А. Қадылбекұлы және т.б. өз пікірлерімен бөлісті.

Шараға қатысушылар ұлы ақынның өсиеттерін барлық білім беру деңгейлерінде кеңінен қолдану қажеттігі мен ойшылдың адамгершілік идеяларын бұқаралық ақпарат, әлеуметтік медиа құралдары арқылы насихаттау қажеттігі туралы қарар қабылдады.

Дөңгелек үстел барысында оқылған баяндамалар мен іс шараның ұйымдастыру комитетіне Қазақстанның түкпір түкпірінен келіп түскен баяндамалар мен мақалалар дөңгелек үстелдің материалдар жинағы түрінде жарық көретін болады.



Бөлісу: