Әлихан Бөкейхан Университетінде бизнес білім беру апталығы өтеді
+7 (7222) 42-32-24

Әлихан Бөкейхан Университетінде бизнес білім беру апталығы өтеді

Құрметті әріптестер! Қымбатты білім алушылар!

17-21 ақпан аралығында Alikhan Bokeikhan University-де ABU Халықаралық Бизнес Мектебі ұйымдастырған Бизнес білім беру аптасы өтеді.

Апта барысында көптеген білім беру іс-шаралары өтеді. Атап айтқанда:

17 ақпан:
15:00 - "Бизнес саласындағы ЖИ рөлі" атты дөңгелек үстел

18 ақпан:
14:00 - Жастар бизнес-жобалары конкурсының финалдық кезеңі

19 ақпан:
09:30 - ABU Бизнес мектебінің қысқы сессиясының ашылуы
10:00 - "Тиімді команда құру" атты интерактивті тренинг
14:30 - "Стратегиялық менеджмент" атты семинар-практикум
15:00 - Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасының басшысы Е.Б. Буркутовамен кездесу

20 ақпан:
10:00 - "Икемді басқару әдістері" атты семинар-практикум
12:00 - "ДАМУ" Қорының бизнесті қаржыландыру бағдарламасының таныстырылымы
14:30 - "Көшбасшының эмоционалды интеллекті" атты тренинг

21 ақпан:
10:00 - "Көшбасшылық және өзгерістерді басқару" атты интерактивті семинар
14:30 - "Денсаулық сақтау ұйымдарындағы стратегиялық басқарудың ерекшеліктері" атты тренинг
16:30 - ABU Бизнес мектебінің қысқы сессиясының жабылуы

Лекциялар, тренингтер және оқу семинарларын ABU Халықаралық Бизнес Мектебінің жетекші мамандары - шетелдік және отандық спикерлер, ғалымдар мен практик-мамандар өткізеді.

Іс-шаралар ABU-дің әкімшілік ғимаратында өтеді: Мәңгілік Ел көшесі, 11 (Акт залы және конференц-залдар)

Барлықтарыңызды ABU Бизнес білім беру аптасына қатысуға шақырамыз!



Бөлісу: