2025 жылдың 6 ақпанында Әлихан Бөкейхан университетінің Заң факультеті және Ақпараттық-технологиялар және экономика факультетінде бітіруші курс студенттерінің «Абай облысының еңбек мобильділігі орталығы» КММ өкілдерімен кездесуі өтті.
Жиынға Абай облысы Еңбек мобильділігі орталығының жұмыс іздеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Арай Талғатқызы, Семей қаласы Мансап орталығының маманы Назерке Сайрамбекқызы, Жаңасемей ауданы Мансап орталығының маманы Мөлдір Манарбекқызы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Темірлан Зулхаров қатысып, студенттерге еңбек нарығы мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайында ақпарат берді.
Кездесу барысында жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары таныстырылып, Enbek.kz порталы арқылы бос жұмыс орындарын іздеу, түйіндеме әзірлеу және өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар, жоғары оқу орны түлектерінің оқуды аяқтаған соң мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері туралы да мәлімет берілді.
Шараға 100-ден астам студент қатысып, мамандардан қажетті кеңестер алды. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауаптар алды.



- Оқылды: 71