Университет түлектері сұранысқа ие
+7 (7222) 42-32-24

Университет түлектері сұранысқа ие

2025 жылдың 4 ақпанда Әлихан Бөкейхан Университетінің Гуманитарлық факультетінің 4-курс студенттері «Абай облысының еңбек мобильдігі орталығы» КММ өкілдерімен кездесті. 

Жиын барысында Абай облысының Еңбек мобильділігі орталығының жұмыс іздеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Арай Талғатқызы, Семей қаласы Мансап орталығының маманы Назерке Сайрамбекқызы және Жаңасемей ауданы Мансап орталығының маманы Мөлдір Манарбекқызы студенттерге еңбек нарығындағы вакансиялар, сұранысқа ие кәсіп иелері мен жас мамандарды жұмыспен қамту шаралары бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламалар таныстырылып, Enbek.kz порталында бос жұмыс орындарын іздеу және түйіндеме толтыру тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, Enbek.kz порталы арқылы студенттердің кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Кездесуге 100-ден астам студент қатысып, мамандардан қажетті кеңестер алды. Сонымен қатар, олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.



Бөлісу: