Сенімді серіктестік - сапалы мамандар даярлаудың кепілі
+7 (7222) 42-32-24

Сенімді серіктестік - сапалы мамандар даярлаудың кепілі

Әлихан Бөкейхан Университеті еліміздегі ең ірі көмір өндіруші компания «Қаражыра» Акционерлік қоғамымен жоғары білікті мамандар даярлау ісін жолға қою мен бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру жөнінде келісімге келді.

Кеше, 4 қаңтар күні Екі мекеме арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Өзара ынтымақтастық келесі бағыттарда жүзеге аспақ:
🔹 Білім алушылардың кәсіби тәжірибе мен тағылымдамалардан өткізу, университет түлектерін жұмыспен қамту
🔹 Ғылыми, қолданбалы зерттеулерді дамыту
🔹 Біліктілікті арттыру бағдарламаларын жүзеге асыру
🔹 Дарынды студенттерге гранттар мен шәкіртақылар ұсыну
🔹 Еңбекті қорғау және бақылау салаларындағы цифрландыруды жетілдіру
🔹 @abai_it-мен бірлескен хакатондар өткізу
🔹 ABU Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының ESG-курстарын іске қосу
және басқа да перспективті ынтымақтастық бағыттарын жүзеге асыру

Ынтымақтастық орнықты даму міндеттеріне толықтай жауап береді, әрі Ел Президентінің бастамасымен жарияланған "Жұмысшы мамандықтар жылының" міндеттерін іске асыруды көздейді, білі алушылардың карьералық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

✨ ABU мен "Қаражыра" арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық өңірдегі сапалы білім беруді дамытып, ел экономикасына өзіндік үлес қосатынына сенімдіміз.



Бөлісу: