Университетте «Эверест» интеллектуалдық дебат клубының бұрынғы мүшелері өткізген дебаттар бойынша тренинг өтті. Олар өз білімдерімен, әр түрлі деңгейдегі дебаттарға қатысу тәжірибесімен бөлісіп, өз пікірін тиімді қорғау жолдарын айтты.
- Дебаттардың негіздері – форматтар, ережелер және аргументтеудің негізгі принциптері.
- Аргументтерді құрылымдау – өз ұстанымыңызды логикалық түрде құрастыру және қарсыласты сендіру.
- Қоғам алдында сөйлеу техникалары – дауыс, жест және аудитория алдына шығу кезінде сеніммен жұмыс.
- Практикалық бөлім – қателіктерді талдап, түлектерден кері байланыс алып, сынақты дебаттар.
Тренинг нәтижелері:
Қатысушылар өз ойларын тез және нақты формулирлауды үйренді. Аргументация мен қарсылықтарды жасау стратегияларын меңгерді. Өзін-өзі сенімді сезінуді және сөзшілік шеберлігін дамытты.
Тренинг интерактивті форматта, жылы және ынталандырушы атмосферада өтті. «Эверест» клубының түлектері студенттерге бірегей тәжірибе ұсынып, оларды дебат қозғалысында әрі қарай даму үшін шабыттандырды.

- Оқылды: 85