Хабарландыру
+7 (7222) 42-32-24

Хабарландыру

2025 жылдың 31 қаңтарында Alikhan Bokeikhan University Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің Бизнес және басқару кафедрасында "Білім берудің жаңа көкжиектері: бағдарламаларды жұмыс берушілердің сұраныстарын ескере отырып бейімдеу" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Іс шара модераторы - «Бизнес және басқару» кафедрасының меңгерушісі, доктор PhD Орынбасарова А.А. Жауапты үйлестіруші - аға оқытушы Аубакиров Ф.М.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: жұмыс берушілердің заманауи талаптарын ескере отырып, "Бизнес және басқару" кафедрасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын бейімдеу, табысты мансап үшін қажетті білім беру және кәсіби дағдылар саласындағы негізгі трендтерді анықтау.

Дөңгелек үстелдің міндеттері: 

1. Еңбек нарығындағы ағымдағы үрдістерді талдау және жұмыс берушілердің білім беру саласындағы негізгі қажеттіліктерін анықтау.

2. Жұмыс берушілердің кәсіби талаптары мен ұсыныстары контекстінде білім беру бағдарламаларының жай-күйін бағалау.

3. Еңбек нарығында талап етілетін құзыреттерді оқу бағдарламаларына интеграциялау жолдары мен әдістерін талқылау.

4. Білім беру мен кадрларды даярлау сапасын жақсарту үшін университет пен жұмыс берушілер серіктестігінің табысты тәжірибелерін қарастыру. 

Іс-шараның басталу уақыты - сағат 15.00де

Өтетін орны: ABU әкімшілік ғимараты, Мәңгілік Ел к., 11, конференц-зал

Барлық мүдделі тұлғаларды дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырамыз. 



Бөлісу: