17 қантар күні Alikhan Bokeikhan University диссертациялық кеңесінде 8D01602 - "Тарих" білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін докторант Анисимова Ирина Юрьевнаның " ХХ ғасырдың 70 – 90 жылдардағы тарихшылардың күнделікті өмірі (Семей қаласы материалдарында)" тақырыбындағы диссертациялық жұмысының қорғауы өтті.
Диссертация Alikhan bokeikhan University Тарих және география кафедрасында орындалған.
Докторанттың ресми рецензенттері:
1) Абенова Гүлнур Атымтаевна, тарих ғылымдарының кандидаты, «Семей қ. Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ.
2) Ахметова Раушан Дюсембековна, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Семей қ. Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ.
Докторанттың ғылыми кеңесшісі – Рамазанова Фердания Сержановна, тарих ғылымдарының кандидаты, Alikhan Bokeikhan University;
Шетелдік ғылыми кеңесшісі – Лысенко Юлия Александровна, тарих ғылымдарының докторы, шығыстану кафедрасының меңгерушісі, Алтай мемлекеттік университеті, Ресей Федерациясы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1) Нам Ираида Владимировна, тарих ғылымдарының докторы, профессор, тарих факультетінің әлеуметтік-антропологиялық зерттеулер зертханасының меңгерушісі, Томск мемлекеттік университеті, Ресей Федерациясы;
2) Ковальская Светлана Ивановна, тарих ғылымдарының докторы, Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті;
3) Алексеенко Александр Николаевич, тарих ғылымдарының докторы, "DIGITAL SOCIAL RESEARCH" халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері.
Диссертациялық Кеңес қорғау нәтижелері бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне Анисимова Ирина Юрьевнаға 8D01602 -"Тарих" білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы ұсыныс жасауға шешім қабылдады.
- Оқылды: 46