Әлихан Бөкейхан Университеті Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігі мен ҚР Ғылым жә жоғары білім министрлігінің қолдауымен өткен, еліміздегі Erasmus+ бағдарламасының іске асырылу туралы ақпараттық шараға қатысты.
Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күнінде Alikhan Bokeikhan University Орнықты даму офисінің бас маманы Анастасия Жук сөз сөйледі. Өз презентациясында ол университеттің Erasmus+ CBHE – CirculEC жобасындағы алғашқы қадамдары туралы баяндады. Жоба біздің университет үшін халықаралық қатынастарды дамытуға және орнықты даму саласындағы дағдыларды игеруге мүмкіндік берген тамаша бастама болды.
Университетіміздің Erasmus+ шарасына қатысуы басқа да оқу орындарымен тәжірибе алмасып, , бағдарлама аясындағы серіктестік қатынастарды нығайтуға мүмкіндік берді.
Университет басшылығы атынан Erasmus+ бағдарламасының Ақпараттық күнін ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!



- Оқылды: 322