Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірсайыс
+7 (7222) 42-32-24

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірсайыс

2024 ж. 11 қарашасында Әлихан Бөкейхан Университетінің «Адалдық мектебінд»е «2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы аясындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты» тақырыбында кезекті сабақ өтті. 

Сабақты Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Елена Душечкина жүргізді.  Іс-шара елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі аспектілерін талқылауға арналған пікірсайыс форматында ұйымдастырылды.

Студенттер Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері туралы пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге қатысты өз ойларын ортаға салды. Талқылау барысында мемлекеттік басқарудың ашықтығы, қоғамдық бақылау тетіктерін дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу сынды мәселелер көтерілді. Сабақ барысындағы студенттер белсенділігі олардың саналы ұстанымын әрі әділ қоғам құруға дайын екендіктерін көрсетті.



Бөлісу: