ABU Әскери кафедрасына іріктеу
+7 (7222) 42-32-24

ABU Әскери кафедрасына іріктеу

Құрметті Alikhan Bokeikhan Universityстуденттері!

Cіздерді университетіміздің Әскери кафедрасында білім алуға іріктеу конкурсына құжат қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

Конкурсқа университетіміздің күндізгі бөлімінің 1 курс студенттері (жігіттер де, қыздар да) қатыса алады.

Іріктеуге қатысуға қажетті құжаттар тізімі:

Өтініш (қабылдау комиссиясында толтырылады)

Төлқұжат немесе туу туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі)

тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы және көшірмесі)

3х4см көлеміндегі 4 фотосурет

соттылығының болмауы туралы бекітілген нысан бойынша анықтама (egov қосымшасынан немесе Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынады)

ABU-де оқитыны туралы анықтама (факультет деканының қолы қойылған)

жеке іс құжаттарын салатын екі түссіз файл.

Құжат қабылдау 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Құжаттар Семей қаласы, Қаржаубайұлы даңғылы, 249А, 207 кабинет мекенжайы бойынша Әскери кафедраның оқу корпусында қабылданады.

Байланыс телефоны:

+7-722-2 32-73-83



Бөлісу: