Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының Полиция департаментіндегі филиалы
+7 (7222) 42-32-24

Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының Полиция департаментіндегі филиалы

Абай облысының полиция департаментінде Әлихан Бөкейхан Университеті Заң факультетінің Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының филиалы жұмыс істейтін болады.

Филиалдың салтанатты ашулы 13 қараша күні Семей қаласы полиция басқармасының Затон полиция бөлімінде өтті. Бұл – университет пен облыстық басқарма арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін жүзеге асырудағы маңызды қадам. Филиал – білім алушыларды іс-тәжірибе негізінде даярдауды көзейді. Мұндағы оқыту үдерісінің басты ерекшелігі – білім алушылар кәсіби біліктілікті игеру барысында киберқауіпсіздік саласындағы жасанды интеллект құралдарын пайдалан отырып оқиды.

Филиалдың ашылу рәсімі Alikhan Bokeikhan University Президенті, саяси ғылымдар докторы, профессор Құрманбаева Шырын Асылханқызы мен ҚР ІІМ Абай облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлының қатысуымен өтті.

Іс-шараға сонымен қатар:

Абай облысының ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Закимов Е.Д.,

Абай облысының ПД тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Әділбеков С.Ма.,

Абай облысының Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Акильбеков Д.С.,

Семей қаласы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Әбдіғалиев Қ.Б., 

ABU вице-президенті Құрманбаева Ж.А.

ABU ректоры Қойчубаев А.С.,

ABU оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Жарыкбасова К.С.,

ABU Заң факультетінің деканы Сәбитов С.М.,

ABU Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі Байгундинов Е.Н.

Абай облысы ПД мамандары мен ABU Заң факультетінің студенттері қатысты.

Филиалдың ашылуы білім алушыларға IT технологиялар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексерумен айналысатын қылмыстық қудалау органдарының тәжірибелі қызметкерлерімен тікелей байланыс жасауға, сондай-ақ филиал базасында өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, студенттер қылмыстық істерді электронды форматта тергеу дағдылары меңгереді. Заманауи техникалық құралдармен жабдықталған оқу кешені – оқу үдерісінің барлық талаптары мен стандарттарына сай. Филиалда студенттердің тұрақты білім алып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін игерулеріне барлық жағдай жасалған.



Бөлісу: