7 қараша күні Alikhan Bokeikhan University Заң факультетінде өткен Қылмыстық–құқықтық пәндер кафедрасының кеңейтілген отырысында 8D04208 -«Қазақстандық құқықтың дамуының заманауи үрдістері» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға Қамбаров Азамат Қамбарұлы дайындаған «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар (қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері)» тақырыбындағы диссертациялық жұмысты алдын ала қорғау өтті.
Диссертациялық жұмыс Alikhan Bokeikhan University Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасында орындалған. Алдын ала қорғау қазақ тілінде өтті.
Кафедраның кеңейтілген отырысына қатысқандар:
Заң факультетінің профессорлық оқытушылық құрамы,
қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының басқарма прокуроры, философия докторы (PhD), Орақбаев А.Б.,
Абай облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстыққудалаудың заңдылығын қадағалаубасқармасының аға прокуроры Попова Д.Р.
Қылмыстық–құқықтық пәндер кафедрасының кеңейтілген отырысы алдын ала қорғаудың дауыс беру нәтижесі бойынша диссертациялық жұмысты Alikhan Bokeikhan University Диссертациялық кеңесінде қорғауға жіберуге ұсыну туралы шешім шығарды.
- Оқылды: 84