Құрметті ABU оқытушылары мен қызметкерлері! Қымбатты магистранттар мен докторанттар!
Жасанды интеллектті күнделікті күйбең жұмыстарды жеңілдетіп, ғылыми зерттеу жұмысының тиімділігін арттыруға қолданғыларыңыз келе ме? Онда біздің ЖИ құралдарын ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде пайдалануға үйрететін оқыту курсымызға қатысыңыздар!
Қазірдің өзінде ЖИ ғылым саласындағы таптырмас көмекшілердің біріне айналды. Біздің курс жасанды интеллект құралдарын қолдану дағдыларын дамытып, ЖИ көмегімен бірқатар академиялық жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Курсты игеру үшін бағдарламалау немесе IT саласындағы жұмыс тәжірибесі керек емес.
📌 Курс бағдарламасында:
✅ ЖИ құралдарын пайдалана отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу
✅ Жүйелі әдебиеттер шолуын (SLR) ЖИ көмегін жасау
✅ Зерттеуге арналған білім қорларын (ақпарат) жасау
✅ ЖИ арқылы ғылыми жұмыстардың мазмұны мен мәнін игеру, талдау
✅ Академиялық зерттеулерге арналған негізгі ЖИ құраладын шолу
📚 Курс кімдер үшін:
• Магистранттар мен докторанттар
• Профессор-оқытушылар құрамы
🔹 Курсқа қатысу үшін компьютермен жұмыс істеу дағдылары және Gmail поштасымен жұмыс жасау тәжірибесі болуы тиіс.
Сабақтар кестесі (оқыту оффлайн түрде жүргізіледі):
- 25 қараша күні сағат 16.30-да
- 26 қараша күні сағат 16.30-да
- 27 қараша күні сағат 16.30-да
- 29 қараша күні сағат 16.30-да
Оқытушы – Анастасия Жук, ф.ғ. магистрі, Филология факультетінің оқытушысы, Indian Institute of Technology Bombay-де (Summer School 2024) тағылымдамадан өткен маман.
Курсқа қатысу үшін келесі сілтеме бойынша алдын ала тіркеуден өту керек: clck.ru/3ETEjh
🌐 ЖИ көмегімен ғылыми зерттеулеріңіздің жаңа деңгейге шығару мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
- Оқылды: 412