5 қараша күні Alikhan Bokeikhan University Әскери кафедрасында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет атқару мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті.
Іс-шараны «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшы басқармасының кадр бастығы, подполковник Жұмабеков Бахыт Мұратұлы өткізді.
Кездесуге Әскери кафедра оқытушылары мен кафедраны биылғы жылы тәмамдайтын 247 студент қатысты.
Подполковник Б. Жұмабеков білім алушыларға ҚР Қарулы Күштері туралы баяндама жасап, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңның негізінде Қарулы Күштер қатарында әскери қызметті өткерудің артықшылықтары туралы айтып берді.
Сонымен қатар, әскери қызметке шақырылу үшін құжаттарды рәсімдеу ерекшеліктерін түсіндіріп, әскери кафедра түлектерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарынан лайықты орын алуға шақырды.
Кездесу барысында подполковник Б. Жұмабеков кафедра студенттерінің сұрақтарына жауап беріп, Әскери кафедра басшылығы мен оқытушылар құрамына әскери мамандар даярлау ісіне қосып жатқан үлестері үшін алғысын білдірді.
- Оқылды: 24