"Қаржылық қауіпсіздік" аймақтық студенттер олимпиадасы
+7 (7222) 42-32-24

"Қаржылық қауіпсіздік" аймақтық студенттер олимпиадасы

Құрметті Абай облысының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері!

Alikhan Bokeіkhan University Сіздерді ақтық кезеңі 2024 жылдың 13 қарашасында өтетін "Қаржылық қауіпсіздік" тақырыбындағы аймақтық олимпиадаға қатысуға шақырады.

📌Олимпиада екі кезеңде өтеді:

🔹 I тур - 2024 жылғы 21 қазанында өтетін "Құқық негіздері" пәні бойынша онлайн тестілеу. Тестке сілтеме WhatsApp арқылы барлық тіркелген қатысушыларға жіберіледі

🔹 II тур - офлайн кезең, ол 2024 ж. 13 қарашасында Alikhan Bokeіkhan University Заң факультетінде (Семей қ., Абай к-сі, 94) өтеді. Екінші турға онлайн тестілеу кезеңінен сәтті өткен білім алушылар шақыру алады. 

Екінші турдың тапсырмалары, өткізу форматы және басталу уақыты келесі сілтемедегі олимпиаданы өткізу туралы ережесінде көрсетілген – clck.ru/3DvMMD

Олимпиадаға қатысу үшін 2024 жылдың 18 қазанына дейін келесі сілтеме бойынша өтінім жіберу қажет – clck.ru/3DvMTW

Өтінімде білім алушы өзінің оқу орнын,елді мекенін(ауыл, аудан, қала)аты-жөнін,жетекшісінің аты-жөнін жәнеWhatsApp мессенджері бар телефон нөмірінкөрсетуі тиіс.

Олимпиада нәтижелері бойынша жеңімпаздар менжүлдегерлерге арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етіледі.

Олимпиаданың Alikhan Bokeikhan UniversityЗаң факультетініңМемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы ұйымдастырады.

Байланыс телефоны: 

+7-702-191-82-61 Сайдуллаев ЕрнарАсқарұлы



Бөлісу: