Құрметті мектеп және ТжКББ мекемелерінің педагогтері!
Alikhan Bokeikhan University Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі мақұлдаған (ҚР ОАМ №175 бұйрығы) бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтетін педагогтерді қабылдау науқанын бастағанын хабарлаймыз
Біліктілікті арттыру келесі курстар бойынша жүргізіледі:
ТжКБ педагогтары үшін:
«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде арнайы пәндер сабақтарында білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» - 36 сағат көлеміндегі тағылымдамадан өту мүмкіндігін қоса есептегенде жалпы жиыны 80 сағаттық курс
«ТжКБ жүйесінде кәсіби практиканы ұйымдастыру мен өткізудің заманауи әдістемесі» - 36 сағат көлемінде тағылымдамадан мүмкіндігін қоса есептегенде жалпы жиыны 80 сағаттық курс
Информатика мұғалімдері үшін:
«Информатика және робототехника мұғалімдеріне арналған спорттық робототехника олимпиадаларына оқушыларды даярлау әдістемесі» - 108 сағаттық курс
Өткізу 2024 жылдың 23 қыркүйегінде басталады.
Курстар онлайн форматта өткізіледі.
Курсқа қатысу құны - 30 мың теңге.
Оқыту нәтижелері (cертификат) педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының талаптарына сәйкес педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) үшін ескеріледі (ҚР БҒМ №83 бұйрығы)
Курстарға жазылу 2024 ж. 20 қыркүйегіне дейін келесі мекенжай бойынша жүргізіледі:
Семей қ., Мәңгілік Ел к-сі, 11, 24-каб. (Alikhan Bokeikhan University БА және ҚББ институты)
Байланыс тел.:
+7-747-408-11-78 Шынар Марксқызы



- Оқылды: 450