Әлихан Бөкейхан Университетіне ресми іс-сапармен Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының делегациясы келді. Делегация құрамында - консул Хуан Сяоминь, вице-консул Чжао Чао және консул-атташе Ван Ци.
Университет басшылығымен кездесу барысында Қытай университеттерімен арадағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, оның ішінде: студенттердің академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру мүмкіндіктері, бірлескен ғылыми зерттеулер, профессор оқытушылармен алмасу, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосу сияқты ынтымақтастық бағыттары қарастырылды.
Қонақтар университет тарихымен, оның құрылымы мен білім беру бағдарламаларымен, материалды-техникалық базасымен танысты. Сонымен қатар делегация мүшелеріне Abai IT-Valley технокластерінің жұмысы таныстырылды.
Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарымен арадағы әріптeстік қатынастар Әлихан жастарының білімін арттырып, университет түлектерінің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттігін арттыруға, профессор оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге мол мүмкіндіктер ашпақ.
- Оқылды: 268