Достар, Freedom Grants білім беру жобасы жүзеге асатынын қуана хабарлаймыз!
Freedom Grants – талапкерлерге білім беру гранттарын иеленіп, еліміздің үздік университеттерінде тегін білім алу мүмкіндігін ұсынатын арнайы жоба.
Жоба аясында біздің сенімді серіктесіміз Freedom Bank негізгі ҰБТ-ны сәтті тапсырып, Alikhan Bokeikhan University-діі білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білім алғысы келетін талапкерлерге 15 білім беру грантын ұсынады.
Freedom Bank гранттары келесі білім беру бағдарламалары бойынша толық білім алу уақытындағы (2024-2028 о.ж.) оқу ақысын төлейді:
🔹B044 – Менеджмент және басқару
🔹B045 – Аудит және салық салу
🔹B046 – Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі
🔹B057 – Ақпараттық технологиялар
Freedom Bank гранттарын иелену конкурсына негізгі ҰБТ-да, жоғарыда көрсетілген білім беру бағдарламаларының топтарына сәйкес бейінді пәндермен, кемінде 75 балл жинаған талапкерлер қатыса алады.
Freedom Bank гранттарына үміткер болу үшін:
1) 1-13 тамыз аралығында – Alikhan Bokeikhan University Қабылдау комиссиясына ҰБТ сертификатын ұсына отырып, өтінім беру керек;
2) 14-18 тамыз аралығында – Instagram желісінде #FreedomGrants хэштегін көрсете отырып, Freedom Bank-тің @bankffin.kz парақшасы мен университеттің @bokeikhan_university парақшасын белгілей отырып пост немесе видео-рилс жариялау керек. Жарияланымда үміткер өзі туралы, білім алғысы келетін оқу орны (Alikhan Bokeikhan University) туралы және түскісі келетін мамандықты не себепті таңдағаны жөнінде әрі болашақта өңіріміздің дамуына қандай үлес қосатыны туралы айтып беруі тиіс.
3) 21 тамыз күні – Freedom Bank-тің @bankffin.kz парақшасында тікелей эфирде Freedom Grants гранттарын иеленген талапкерлер кездейсоқ сандарды таңдау әдісі арқылы анықталады.
Гранттарды тағайындау туралы толығырақ мәліметтерді grants.freedombank.kz сайтынан немесе ABU Қабылдау комиссиясынан біле аласыздар.
Freedom Grants жобасына қатысуға асығыңыздар, достар!
- Оқылды: 893