АТЭФ түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті
+7 (7222) 42-32-24

АТЭФ түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті

☀️ 5 шілде күні Университетіміздің бас ғимараты жанындағы Орталық Арбат алаңында Ақпараттық технологиялар және экономика факультеті түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті.

🎓Факультеттің күндізгі бөлімін биыл 10 білім беру бағдарламалары бойынша 217 студент бакалавр дәрежесімен бітіріп шықты. Бітірушілердің 14-і мемлекеттік грант, 13-і жергілікті әкімдік гранттары, 9 студент - "Қазақстан Халқына" Қорының гранттары есебінен білім алған.

✨ 32 түлек үздік диплом иегерлері атанды.

Университет бітірген түлектер арасында:

🔹 Президенттік стипендия иегерлері:
– Қанафин Арыстан Бауыржанұлы – әкім грантының игері, 6В06124 - "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" білім беру бағдарламасының түлегі;
– Шарипханова Айым Мейрамханқызы – мемлекеттік грант иегері, 6В05121 «Биотехнология» білім беру бағдарламасының түлегі;
– Жанакелдіұлы Серіккелді – Абай облысы Жастар мәслихатының депутаты, университет белсендісі, 6В04119 «Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламасының түлегі

🔹"Спорт шебері", "Спорт шеберіне үміткер", "Erasmus" грантының иегерлері, оқу озаттары және басқа да бетке ұстар студенттер бар.

📜 Факультет түлектеріне дипломдарды:
🔸Университеттің Вице-Президенті Жаңыл Құрманбаева
🔸Университет ректоры Александр Койчубаев,
🔸Университеттің серіктес ұйымдарының басшылары, атап айтқанда - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Абай облыстық филиалының директоры Алмат Данкенов пен директор орынбасары Болат Кустаубаев
🔸проректорлар мен факультет деканы
🔸кафедра меңгерушілері мен жетекші оқытушылар табыстады.

💐 Университет ұясынан түлеп ұшып, үлкен өмірге қанат қаққан түлектерімізге Ақ жол тілейміз!



Бөлісу: