Әскери кафедра түлектерінің әскери ант беру рәсімі
+7 (7222) 42-32-24

Әскери кафедра түлектерінің әскери ант беру рәсімі

🛡 Кеше, 27 маусым күні Әлихан Бөкейхан Университетінің Әскери кафедрасында сержанттарды дайындау бағдарламасы бойынша Әскери кафедраны тәмамдаған студенттердің әскери ант қабылдау рәсімі өтті.

📜 Студенттер әскери антты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы алдында салтанатты түрде қабылдады.

✨ Іс-шараға:
🔸Университет ректоры Александр Койчубаев
🔸Әскери кафедраның офицер-оқытушылар құрамы мен білім алушылары,
🔸"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің өкілдері,
🔸Әскери қақтығыстар мен Қарулы Күштер ардагерлері,
🔸Семей қаласы Қорғаныс істер жөніндегі басқармасының өкілдері.
🔸Cтуденттерінің ата-аналары мен туыстары қатысты.

🎯 Іс-шараның мақсаты - жастарды әскери қызмет өткеру және Отан алдындағы конституциялық парызын орындау үшін әскери ант қабылдату, студенттердің бойында отансүйгіштік қасиетін, патриоттық сезімді қалыптастыру, ептілік пен төзімділікке, Отанына және Қазақстан халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Салтанатты іс-шара барысында сондай-ақ:
🔸Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсету.
🔸Патриоттық әндерді орындау.
🔸Офицерлік вальс.
🔸Әскери техниканы, атыс қаруын және оқу-материалдық базаны көрсету.
🔸Әскери кафедраның мұражайымен, оқу аудиторияларымен кітапхана және медициналық пунктпен таныстыру шаралары өтті.



Бөлісу: