БАҚ қызметкерлерінің күні
+7 (7222) 42-32-24

БАҚ қызметкерлерінің күні

🎊 Бүгін, 28 маусым – Қазақстандағы БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

💫 Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлігі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді.

🗣 Техниканың озық үлгілерінің дамыған заманында интернет байланысы, баспасөз басылымдары халықты қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етіп отыр.

📽Біздің елдегі журналистика ауқымды реформалардың ұдайы алдыңғы сапында келе жатыр. Баспа және электрондық басылымдар миллиондаған адамдардың көңіл түкпірінен берік орын алды. Отандық бұқаралық ақпарат құралдары кәсіби түрде шебер, шынайы және жедел ақпарат таратудан бір жалыққан емес.

💐 Әлихан Бөкейхан Университетінің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары атынан барлық БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен жүректен құттықтаймыз!

🤎 Ізгі ниетпен зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!



Бөлісу: