✨ Әлихан Бөкейхан Университетінде 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Тарих және география кафедрасының ұйымдастыруымен "Үнсіздік пен естелік: КСРО-дағы саяси қуғын-сүргін және халықтарды депортациялау тарихы" тақырыбында ашық тарихи-танымдық дәріс өтті.
🗣 Дәрісті тарих ғылымдарының кандидаты, Әлихан Бөкейхан Университетінің Тарих және география кафедрасының аға оқытушысы, Калгари Университетінің (Канада) докторанты Мамырбеков Арафат Мәжитұлы оқыды.
🔸Дәрісті тыңдауға кафедра оқытушылары мен мектеп ұстаздары, білім алушы докторанттар, магистранттар мен студенттер, ел тарихын зерттеуге қызығушылық танытқан жастар жиналды.
🗣️ Дәріс барысында лектор сталиндік КСРО кезіндегі халықтар депортациясы мен оның зардаптары, саяси-қуғын сүргін жылдарының тарихы туралы тың деректермен бөлісіп, жас ғалымдарға ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағыт-бағдарлар берді.



- Оқылды: 566