Күн тәртібінде – балабақша тәрбиешілерінің эмоционалды саулығы
+7 (7222) 42-32-24

Күн тәртібінде – балабақша тәрбиешілерінің эмоционалды саулығы

9 сәуір күні Әлихан Бөкейхан Университетінде өтіп жатқан Ғылым апталығы аясында Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Н.А.Рахимжанова мен А.А.Лекерова "Еркөстік" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілері үшін "Балалардың түрлі санаттарымен жұмыс істейтін тәрбиешілердің эмоционалды қажуының алдын алу" тақырыбында семинар-практикум өткізді. 

Семинар барысында педагог мамандардың эмоционалдық әл-ауқаты, денсаулығы мен табысты жұмыс істеу мәселелері қозғалды; түрлі санаттағы балалардың ата-аналарымен жұмыс істеу әдістері талқыланып, психологтың ұсыныстары берілді, эмоционалды қажудың алдын алуға бағытталған арт-терапевтік жұмыс жүргізілді. 

Семинар-практикум балабақша қызметкерлерінің қызығушылығын оятып, педагог мамандардың өз жұмысына деген ықыласын оятты.



Бөлісу: