Алтай МПУ ғалымының дәрістер курсы
+7 (7222) 42-32-24

Алтай МПУ ғалымының дәрістер курсы

Alikhan Bokeikhan University мен Алтай мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы академиялық ынтымақтастықты жүзеге асыру аясында білім алушыларымызға дәріс оқуға шетелдік маман шақырылды.

2024 жылғы 25-30 наурыз аралығында Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінің Лингвистикалық институтының Лингводидактика және екінші шет тілі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Барбашов Владимир Петрович 6В01708 «Ағылшын тілі екінші шет тілін қосымша оқытумен (неміс, түрік)» білім беру бағдарламасының студенттері үшін «Вербализация исторической памяти: междисциплинарный подход» тақырыбында дәрістер курсын өткізді.

Студенттер дәріс барысында түрлі филологиялық салалардағы білімді біріктіретін пәнаралық зерттеулер әлеміне ену мүмкіндігіне ие бола алды. Мұндай іс-шаралар университеттер арасындағы академиялық алмасуды кеңейтуге және студенттердің білім беру тәжірибесін байытуға септігін тигізуде.



Бөлісу: