Әлихан Университетінің өрендері Ұлттық жекпе-жек чемпионатында топ жарды
+7 (7222) 42-32-24

Әлихан Университетінің өрендері Ұлттық жекпе-жек чемпионатында топ жарды

✨ Ұлттық спорт күні өрендеріміздің өрелі жетістіктері туралы сүйінші хабарлармен бөлісуге асықпыз, достар!

🏆 Әлихан Университетінің өрендері Қазақ ұлттық жекпе-жек федерациясының ұйымдастыруымен өткен Ұлттық жекпе-жектен Абай облысының ашық біріншілігінде топ жарды.

💫 Аралас жекпе-жек түрлерінен ABU MMA TEAM командасының 26 бірдей спортшысы облыс чемпионатында үздік өнер көрсетіп, Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдамалар алды.

🥇 Оның ішінде өз жас топтары бойынша өнер көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілген Әлихан Университетінің өрендері:
🔹Тәңірбергенұлы Алмас 61 келі салмақ дәрежесінде қола медаль (ФК-109 тобының студенті)
🔹Абетаев Диас 51+ келі салмақ дәрежесінде қола медаль (ГМУ-301 тобының студенті)
🔹Бестай Нұртай Кәдіржанұлы 84 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль (ФК-101 тобының студенті)
🔹Бейсембай Диас 93+ келі салмақ дәрежесінде күміс медаль (ФК-101 тобының студенті)
🔹Турарбеков Нұрмағамбет 76 келі салмақ дәрежесінде қола медаль (СПД-301 тобының студенті)
🔹Токметов Елжан 93+ салмақ дәрежесі бойынша күміс медаль (ФК-109 тобының студенті)
🔹Құрманғазы Ернұр 93+ кг салмақ дәрежесі бойынша алтын медаль (ФК-105 тобының студенті)
🔹Ерғазыұлы Ғалымжан 87+ салмақ дәрежесінде алтын медаль (ФК-201 тобының студенті)

💐 Ұлттық жекпе-жектен облыс чемпионатында топ жарған студенттеріміз бен олардың жаттықтырушыларын жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз!



Бөлісу: