✨ Әлихан Бөкейхан Университетінде құрылған "Ro-Alemi" робототехника орталығының оқушылары робототехникадан Сингапур елінде өткен Asia FIRST Championship додасында топ жарды.
🏆 Бұл жолы да «Ro Alemi» құрамасы Роботтар сайысы бағыты бойынша додаға қатысқан жүздеген команда ішінде максималды 550 балдың 540-ын иеленіп, рекордты көрсеткішпен жеке есепте І орын және барлық бағыттар қорытындысы бойынша, жалпы есепте ІІ орын иеленді.
🤝 Естерңізге сала кетсек, «Ro Alemi» құрама командасының сапында қаламыздағы Білім Инновация лицейі мен №22 мектеп-лицейінің оқушылары өнер көрсетеді. Оқушылар әлемдік додаға Әлихан Бөкейхан Университетінің базасында дайындалды, додаға апарған робототехника жиынтықтарымен команданы университет басшылығы қамтамасыз етті.
✊ Әлихан Университетінің барлық профессор-оқытушылар құрамы атынан Азия чемпионатында топ жарған «Ro Alemi» орталығының тәрбиеленушілері мен олардың жетекшілері - орталық басшысы Бақытбек Орынбаевты, Білім Инновация лицейі және №22 мектеп-лицейінің мұғалімдері Сәкен Асқарбек пен Гулнар Тайтулеуованы білім алушылардың жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз азаймасын!



- Оқылды: 536