Қазақтың біртуар мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің басшысы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туған күніне орай Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Әлихан Университетінің Заң факультетінде білім алушыларға алаштанушы, әдебиеттанушы, философ Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлының «Әлихан Бөкейхан феномені» тақырыбындағы ғылыми-танымдық ашық дәрісі өтті.
Дәріс барысында Тұрдықұл Қасенұлы Әлихан Бөкейхан мен Алаш арыстарының прогрессивті ғылыми, саяси көзқарастарының қазіргі жастар үшін маңызы мен азат ойлы азаматтар тәрбиелеудегі рөліне тоқталды. Ғалым Әлихан Бөкейханның қазақ ғылымы мен мәдениетін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі туралы көптеген деректі мәліметтер келтірді. Дәріске қатысқан студенттер мен магистранттардың сұрақтарына жауап беріп, қызықты сұрақ қойған білім алушыларға өз жетекшілігімен шыққан
Тұрдықұл Қасенұлы Шаңбай Университетімізде «Алаштану» ғылыми зерттеу орталығын құрып, оның ұзақ жылдар басқарған, Алаш зиялыларының өмірі мен қызметі, шығармашылығы мен ғылыми ізденістеріне қатысты бірқатар ғылыми еңбектер мен ғылыми-танымдық жинақтардың жарық көруіне жетекшілік еткен. «Семей – Алаш» энциклопедиясын құрастыруды, Алаш зиялыларының азаттық фәлсафасын ғылыми тұрғыдан зерттеу жөніндегі бастаманы алғаш көтерген ғалым.


- Оқылды: 813