✨ Әлихан Бөкейхан Университеті "1C Казахстан" компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісім аясында университет "1C" компаниясының бағдарламалық өнімдерімен жұмыс істейтін мамандарды компания ұсынған авторлық оқу материалдарын қолдана отырып даярлайды.
🔸 "1С" - ТМД елдері аумағында есеп пен кәсіпорынды басқару жұмыстарын автоматтандыру саласындағы шешімдер жасайтын жетекші компания. Компанияның бағдарламалық өнімдерін Қазақстан, Ресей және басқа да елдерде мыңдаған компаниялар пайдаланады.
🔹 Кеше, 29 ақпан күні университеттің әкімшілік ғимаратында "1С Казахстан" компаниясының Абай облысындағы ресми өкілдігі - SoftKey компаниясының басшылығымен кеңейтілген кездесу өтті. Кездесуге Университет басшылығы, Бизнес және басқару кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары қатысты.
🗣️ Кездесу барысында компания басшысы Дмитрий Бубенчиков университет басшылығына студенттерді оқыту үдерісін ұйымдастыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдерін табыстады.
✨ Аталған өнімдер кәсіби бухгалтерлер мен экономистерді даярлау ісіне қомақты үлес қосатыны сөзсіз. Өнім құрамына Қазақстан аумағында пайдаланылатын барлық "1C" бағдарламалары кіреді. Студенттер оқу бағдарламалары негізінде кәсіпорындардағы есеп пен басқару жұмыстарын жүргізуде іс-тәжірибеде үйреніп шығады.



- Оқылды: 609